Сарыағашта электро-шәйнек өндіретін цех жұмысын бастады

5 Қазан 2022, 02:54
1137
Бөлісу:
Сарыағашта электро-шәйнек өндіретін цех жұмысын бастады

Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығын құрастыратын жаңа цех ашылды. Өндіріс орны күніне 700-ге жуық элетро шәйнекті шығаруға қауқарлы, деп хабарлайды BAQ.KZ otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 10 000 дана еден сүрткішті өндіру көзделген. Қазіргі таңда цех 15 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, өндіріс көлемін күніне 2 600 данаға дейін жеткізуді жоспарлауда.

Кәсіпорынның қуаттылығымен танысқан аудан басшысы өңірде сапалы әрі қолжетімді отандық өнім шығатыны көңіл қуантатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы