Сары май өндірісі артты

27 Ақпан 2024, 13:44
384
Бөлісу:
Сары май өндірісі артты
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сары май өндірісінің көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр қазақстандық кәсіпорындар 31,3 мың тонна өнім шығарса, 2022 жылы 26,2 мың тонна сары май өндірілген. Импорт 12,6% өскен, 2023 жылы 8,9 мың тоннадан астам өнім импортталған. Шетелдік өнімдердің үлесі 22,3% болды. 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 38,4 мың тонна сары май сатылған.

Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда сары майдың орташа бағасы келісіне 3 931 теңге. Бұл ретте ең жоғары орташа баға Ақтау қаласында тіркелген – 5 492 тг/кг, ең төменгісі Семей қаласында – 3 153 тг/кг.

Өзгелердің жаңалығы