Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

4 Қазан 2023, 08:05
872
Бөлісу:
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республика бойынша тұман болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында екпінді жел тұрады.

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында – 1-3 градус, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтану қаупі сақталып отыр.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ өрт қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы