Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

28 Желтоқсан 2022, 09:45
941
Бөлісу:
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің батыс өңірлері солтүстік-батыстан ауысатын циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде – көктайғақ, батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы