Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

21 Қыркүйек 2022, 07:20
944
Бөлісу:
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

21 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.

Өзгелердің жаңалығы