Сәрсенбі, 20 сәуірге арналған ауа райы болжамы

20 Сәуір 2022, 08:32
1431
Бөлісу:
Сәрсенбі, 20 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Шығыста қар аралас жаңбыр күтіледі. Тек батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстікте – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ, дауыл, батыста шаңды дауыл болады. Сонымен бірге барлық өңірде желдің күшеюі байқалады, – делінген хабарламада.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұманды болады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай кезінде жел 17-22 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел болжанады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыс орталығында жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.

Сонымен бірге Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы