Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сармат мектебінде алдағы қос мерекеге арналған шеру ұйымдастырылды

24 Сәуір 2025, 21:32
587
Бөлісу:
 Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сармат мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шеру өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш кезеңнен тұрған шерудің алғашқысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге тағзым етілсе, келесі кезеңде киім үлгісі көрсетіліп, ақырғы бөлімде жас сарбаздар ән шырқады.

Шараның мақсаты – ардагерлеріміздің ерлігін еске алып, жас ұрпаққа тарихи сананы қалыптастыру. Сонымен қатар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні ретінде ҚР Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшысының 1992 жылғы жарлығымен бекітілген маңызды мерекені дәріптеу. Осы мақсатта шара жас сарбаздардың қатысуымен ұйымдастырылып отыр , - деді Сармат мамандырылған мектеп лицей интернатының меңгерушісі Жанболат Ырсалиев.

Мектеп оқушысы Фархат Молдашев бұл мерекеге бір ай дайындалғанын айтты.

Парадқа дайындығымыз жоғары деңгейде. Саптық әскери жүрісті патриоттық әндермен әрлеп, қатысушылардың рухын көтергіміз келді. Жас сарбаздар бар ынтасымен жаттығып, әр қадамын үйлестіріп, Отанға деген сүйіспеншілігін ісімен дәлелдеуге тырысты, - деді ол.

Шара барысында 1 минут үнсіздік жарияланып, жеңіс жолында қаза тапқан батырларға тағзым етілді.

Өзгелердің жаңалығы