Сарбазға құрмет көрсеткен балақайдың видеосы желіде хит болды

23 Қыркүйек 2022, 13:07
963
Бөлісу:
Сарбазға құрмет көрсеткен балақайдың видеосы желіде хит болды

Әлеуметтік желіде қызметте тұрған Ұлттық ұлан сарбазына құрмет көрсеткен балақайдың видеосы хитке айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бейнеролик кеше отандық футболшыларымыз Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасында өз тобы бойынша көш бастаған соң желіде кеңінен тарала бастады. Видеодан қызметтегі сарбазға құрмет көрсеткен көк байрақты жамылған ұлтжанды баланы көруге болады. 

Сарбазға құрмет көрсеткен балақайдың видеосы желіде хит болды

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Беларусь командасымен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Осылайша, отандық футболшыларымыз өз тобында көш бастады. Ұлттық құраманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісімен құттықтады. 

Сарбазға құрмет көрсеткен балақайдың видеосы желіде хит болды

Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі, - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы