Сарбаздардың ата-аналары балаларының әскери қызметімен танысты

4 Мамыр 2023, 17:15
1429
Бөлісу:
Сарбаздардың ата-аналары балаларының әскери қызметімен танысты
Фото: автордан

Сырөзек гарнизонын сарбаздардың ата-аналары аралап, әскери борышын өтеп жатқан балаларының жай-күйімен танысып қайтты, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамда еліміздің қорғаныс саласына деген теріс көзқарастар туындауда, әсіресе баласы әскерде жүрген жандардың алаңы басым. Сондықтан шабуылдаушы бригадасының басшылығы мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналарына арналған «Ашық есік» күнін өткізді.

Бұған бірден бір себеп – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Баласының қызметі анасының көзімен» атты ұйымдасұан акциясы. Соның аясында ата-аналар балаларының әскери өмірінен хабардар болды.

Аталған іс-шараға Жетісу және Алматы өңірлерінен келген сарбаздардың ата-аналары мен жақын туысқандары қатысты. Шара барысында қонақтар бөлім басшыларымен кездесіп, баласының қал-жағдайы, әскери салаға бейімделуі туралы нақты ақпарат алып, өздерін толғандыратын сауалдарға жауап алды.

Сарбаздардың ата-аналары балаларының әскери қызметімен танысты

Әскери бөлімге келген құрметті қонақтар әскерилердің жауынгерлік әзірлігімен, және олардың үй-жайлары, тұрмыс-тіршілігімен етене танысты. Оған қоса бөлімнің жеке құрамның жабдықтарын қарап, тұрмыстық үй-жайлары мен емдеу бөлмелері бар әскери лазаретті де аралады. Бұл экскурсия барысында ата-аналар мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген ұлдарымен кездесуге мүмкіндік алды.

Іс-шара барысында ата-аналарға бригада командирі подполковник Даулет Секенов бөлімнің қазіргі жағдайы мен әскери қызметшілердің ел қорғаудағы атқарылып жатқан қызметтері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Әскери бөліммен танысуды сарбаздар асханасына жалғастырған ата-аналар сарбаздардың күнделікті тағамның нормаларын көріп, ас мәзірімен танысып, сарбаз ұлдарымен бірге отырып ауқаттанды.

Сарбаздардың ата-аналары балаларының әскери қызметімен танысты

Көптен көңілде жүрген уайым еді. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ұлымыздың тұрмыс-жағдайымен жақын танысып, өз көзімізбен көріп алаңымыз басылғандай. Олардың жағдайы жақсы. Осындай ауқымды шараны ұйымдастырған әскери бөлімнің басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Өйткені ол жерде бірден көзге түскені тазалық пен біркелкі реттік және әскери тәртіп. Біз бөлім басшыларымен үнемі тығыз байланыстамыз. Отан қорғау саласында жүрген барлық әскерилердің қызметтеріне сәттілік тілеймін, - деді сарбаздың анасы Амина Рахимова. 

Жиын соңында әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін күнде көре бермейтін ата-аналар ерекше әсер алып, оларға алғысын жаудырды.

Өзгелердің жаңалығы