Олардың арасында осындай ауқымды республикалық іс-шараға алғаш рет қатысқандар да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында сайлау учаскесінде теңіз жаяу әскерлері бригадасының мерзімді қызмет сарбазы Нұрдәулет Бибатыр дауыс берді.
Менің туған күнім референдуммен бір күнге тура келді. Мен үшін ерекше күн, әрине. Дауыс беруге қатысу азаматтарға еліміз үшін өзекті мәселеге қатысты өз сөздерін айтуға берілген мүмкіндік деп ойлаймын, – деді ол.
Сайлау учаскесіне қатардағы жауынгер егіздер Ұлан мен Қуаныш Манарбековтер те келді. Алматы облысынан шақырылған ағайындылар артиллериялық дивизионның теңіз жаяу әскерлері бригадасында жарты жылдан астам қызмет етіп келеді.
Дәл қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қатысуымен өткен дауыс беру аяқталды.