Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, соңғысы қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі),-делінген хабарламада.
Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталуда.
Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды.
Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды,-делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.