Сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

10 Мамыр 2023, 07:22
1044
Бөлісу:
Сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото: видеодан кадр

ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаменті Зайсан ауданы Шекара басқармасында ерекше жағдай орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери ант қабылдау салтанатты рәсімінен кейін сарбаз қызына үйлену туралы ұсыныс жасады. Шығыс Қазақстан облысы Предгорное ауылының тұрғыны мерзімді әскери қызметші қатардағы жауынгері Олег Поликарпов шеру алаңында ғашығына көпшілік алдында оның әйелі болуын өтінді. Сүйіктісі тұрмысқа шығуға келісімінберіп, келесі көктемге дейін күтуге уәде етті.

Үш жүзден астам адам осы романтикалық эпизодтың куәгері болды.

7 мамырда Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасының 200-ден астам әскерге шақырылушылары Отанға адал болуға ант берді. Олегтің ата-анасы да салтанатты рәсімге келіп, ұлдарының маңызды шешіміне қатты қуанды.

Өзгелердің жаңалығы