Сарайшық ауылында әр 200 метр сайын кезекшілер бөгетті бақылауда

16 Мамыр 2024, 09:00
284
Бөлісу:
Сарайшық ауылында әр 200 метр сайын кезекшілер бөгетті бақылауда
VIDEO
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның хабарлауынша, кезекшілер арнайы бөлінген 8 сектор бойынша жұмыс атқаруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Сарайшық ауылында тасқыннан қорғану мақсатында салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта әр 200 метр сайын кезекшілік қойылды. Кезекшілер 4 сағат сайын ауысып, жағалау тәулік бойы бақыланып отыр, - деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Еске сала кетелік, Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет салынды. Оның ішінде, бөгеттің 5,4 шақырымы қайта жаңартылды. 8,2 шақырым бөгет жаңадан салынды.

Тасқынмен күреске 200 сарбаз, 14 ТЖД мамандары жұмылдырылды. Сарайшық ауылында 2972 тұрғын, 506 үй бар.

Өзгелердің жаңалығы