Сарапшылар тобы атыраулық дәрігерлерге практикалық көмек көрсетті

23 Қазан 2022, 17:15
1052
Бөлісу:
Сарапшылар тобы атыраулық дәрігерлерге практикалық көмек көрсетті

Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылар тобы Атырау облысының дәрігерлеріне консультативтік және практикалық көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі ауыр науқастар мен жүкті әйелдерді емдеуде консультативтік және практикалық көмек көрсету мақсатында Атырау облысына республикалық мамандардың баруын ұйымдастырды. Медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың сарапшылар тобы бірнеше күн ішінде медициналық ұйымдарға мониторингтік сапарлар жүргізді. 

МУА профессорлары, ҚР ДСМ бас инфекционисті Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы, ҚР ДСМ бас пульмонологы Латыпова Наталья Александровна 300-ден астам медицина қызметкерлерінің, оның ішінде жалпы практика дәрігерлерінің, терапевттердің, пульмонологтардың, реаниматологтардың, эпидемиологтардың қатысуымен жұқпалы ауруларды, вирустық бактериялық пневмонияны, септикалық асқынуларды дифференциалды диагностикалау мәселелері бойынша семинарлар өткізді

Өзгелердің жаңалығы