Сарапшылар Ормуз бұғазындағы мұнай танкерлерінің кідіруіне қатысты тосын себепті атады

Мұнай тасымалы және «био-қапталу» қаупі

 thedeepdraft.com 31 Шілде 2026, 13:03
31 Шілде 2026, 13:03
186
Фото: thedeepdraft.com

Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы толығымен қалпына келген күннің өзінде де, мұнай жеткізілімі әдеттегі кестеге қайта түсуі үшін әлі де ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін. Бұған аймақтағы дағдарыс салдары ғана емес, сонымен бірге қарапайым ракушкалар (теңіз ұлулары) да себеп болуы ықтимал.

The DeepDraft басылымының жазуынша, танкерлердің Парсы шығанағының жылы суларында ұзақ уақыт бос тұруы кеме корпустарының биологиялық ағзалармен қапталуына (биообрастание) әкеп соғады. Бұл кемелердің жылдамдығының төмендеуіне, отын шығынын арттыруға және шетелдік порттарда қосымша тексерістердің жиілеуіне себеп болуы мүмкін.

Сарапшылар теңіз ағзаларының қосымша қабаты судың қарсылығын арттыратынын атап өтеді. Нәтижесінде танкерлер жылдамдығынан айырылып, әдеттегі қозғалыс режимін сақтау үшін отынды көбірек жұмсауға мәжбүр болады.

Бұдан бөлек, биологиялық қапталу қозғалтқыштарды салқындату жүйелеріне де әсер етуі мүмкін. Теңіз суы күштік қондырғыларды салқындату үшін пайдаланылады. Ал өзектердің бітелуі жабдықтардың қызып кетуіне және техникалық ақаулардың туындау қаупін арттыруға соқтырады.

Порттардағы ықтимал мәселелер

Тағы бір күрделі мәселе – шетелдік порттар тарапынан қойылатын шектеулер болуы мүмкін.

The DeepDraft атап өткендей, көптеген мемлекет инвазивті теңіз түрлерін (бөгде биологиялық ағзаларды) тасымалдауы мүмкін кемелерге бақылауды күшейтуде. Биологиялық қапталу мұндай ағзалардың аймақтар арасында таралуының басты жодарының бірі болып саналады.

Нәтижесінде кейбір кемелер тағайындалған портқа кірер алдында міндетті түрде тазалауға және инспекцияға жіберілуі мүмкін. Бұл мұнай жеткізудегі қосымша кешігулерге және кеме қатынасы компанияларының шығындарының өсуіне әкеледі.

masterdivers.lk

Халықаралық ұсыныстарда не айтылған?

Материалда сондай-ақ Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) ұсыныстары келтірілген. 2023 жылы жарияланған биологиялық қапталуды басқару жөніндегі жаңартылған нұсқаулыққа сәйкес, кеменің ұзақ уақыт бос тұруы негізгі қауіп факторларының бірі болып саналады.

IMO сарапшылары жылдамдықтың сәл төмендеуі немесе отын шығынының артуының өзі кеме корпусының био-қапталуға ұшырай бастағанын және қосымша тексеру жүргізу қажеттілігін білдіруі мүмкін екенін айтады.

Салдары бұғаз ашылғаннан кейін де сақталуы мүмкін

The DeepDraft бағалауынша, тіпті Ормуз бұғазы арқылы қозғалыс толық қалпына келсе де, мұнай тасымалдаудың әдеттегі көлеміне қайта оралу үшін уақыт қажет болады. Бұған техникалық тексерулер, кемелерді тазалау және шетелдік порттарға кіру кезіндегі ықтимал кешігулер себеп болуы мүмкін.

Басылым дәл осы факторлар кеме қатынасына салынған тікелей шектеулер жойылғаннан кейін де әлемдік мұнай жеткізілімінің қалпына келуін баяулатуға қауқарлы екенін атап өтеді.

 

Наверх