Сарапшылар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

12 Сәуір 2023, 11:45
824
Бөлісу:
Сарапшылар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
Фото: Тұңғыш Президент кітапханасы

Іс-шараға Парламент депутаттары, жетекші отандық сарапшылық және ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырысты ашқан Тұңғыш Президент кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың айтуыныша, отырыстың басты мақсаты - 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» және 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауларын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін талдау.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі Павел Казанцев өз сөзінде Жолдауларды жүзеге асыруда мемлекет тап болған негізгі проблемаларға, тәуекелдерге және оларды жеңу жолдарына шолу жасап тоқталды. 

Қазіргі кезде Парламенттің бірінші кезектегі міндеті - БАҚ, жергілікті өзін-өзі басқару, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау, - деді ол.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары құрамының сапалы жаңаруына тоқтала келе, азаматтық қоғамды бүкіл мемлекет үшін маңызы бар шешімдерді қабылдау үдерісіне одан әрі тартудың келешегі туралы өз пайымымен бөлісті.

Қазақстан жастары конгрессінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов бүгінде ел халқының үштен бірін құрайтын жас ұрпаққа Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларындағы рухы мен мақсаттары жақын екенін айтты. Оның айтуынша, жастардың сайлау науқанына халық депутаттығына кандидат ретінде де, сайлаушылар ретінде де белсенді қатысуы.

Нәтижесінде Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілді органдардағы жастардың үлесі жалпы мандаттардың 20 пайызынан асты, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы