Сарапшылар діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

10 Наурыз 2022, 18:31
1401
Бөлісу:
Сарапшылар діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен бірлесе отырып, онлайн форматта «Діни қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның бастамасы және стратегиялары» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды. 

Бұл туралы АҚДМ телеграмда хабарлады.

Дін саласындағы мәселелерді сарапшылық қауымдастықтың жан-жақты талқылауы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Марат Әзілхановтың, сонымен қатар Дін істері комитеті басшылығының қатысуымен өткізілді. 

Қазақстанның діни қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде әлемде орын алып жатқан жағдайларды қоса алғандағы тәжірибе, бастамалар және ұсыныстармен нәтижелі пікір алмасулар болды. Ұлттық мүдделер мен елдің стратегиялық басымдықтар спектрі нақтыланып, халықаралық тәжірибе жан-жақты сарапталды.

Өзгелердің жаңалығы