Сарапшы: Заң дәл уақытында қабылданып отыр

10 Наурыз 2023, 11:55
1109
Бөлісу:
Сарапшы: Заң дәл уақытында қабылданып отыр

Бұл туралы ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Қылмыстық құқық және жаза атқаруды ұйымдастыру кафедрасының профессоры Айдарқан Сқақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң ғылымдарының докторы, профессор «Қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді. 

Бұл заңды қабылдау мемлекеттің адамның, соның ішінде қылмыстық сот өндірісі саласында қызмет көрсететін тұлғалардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударатындығын білдіреді. Бұл тұлғалар (күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылар) оларды сот кім деп танығанына қарамастан, азамат болып қалатындығы баршаға белгілі. Осылайша, оларға барлық конституциялық құқық пен заңды қызығушылықтар қолданылады. Сол себепті, заң дәл уақытында қабылданып отыр деп есептеймін. Ол азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттердің алдын алады, - деп атап өтті Айдарқан Сқақов. 

Сонымен қатар ол азаптаулар қай кезде көбірек орын алатынына тоқталды. 

Осы жерде бір айта кетерлігі, азаптаулардың басым көпшілігі алдын ала тергеу кезінде қолданылады. Тергеушілер сондай жолмен қылмысты мойындатады. Жазаны өтеу кезінде, әсіресе бас бостандығынан айыруда көрсетілген қылмысты қызметтік өкілеттілікті асыра қолдану ретінде анықтау керек. Әрине сотталушылар үшін бәрібір ол заңсыз жүгіну деп аталады. Алайда қылмысты сауатты түрде анықтау қажет. Бас бостандығынан айыру кезінде іс бойынша фактіні белгілеуге тырысу керек емес. Солай ғана әкімшілік ұстау режимін сақтау мәселесін шешеді, - дейді сарапшы. 

Айтуынша, заң жобасын дайындау кезінде өзі бірқатар өзгерістерді ұсынған. 

Тағы қайталап айтамын, азаптаудың көп бөлігі тергеу кезінде жасалады. Заң жобасын дайындау кезінде мен бірқатар өзгерістерді ұсындым, олардың кейбірі ескерілді. Алайда кейбірі елеусіз қалды. Заң атауының өзін басқаша атау қажеттігін айттым. Бірақ менімен келіспеді. Мен «мәселелері бойынша» деген сөздің орнына «...саласындағы адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша» деп ауыстырайық дедім. Бұл барынша нақтырақ болар еді. Одан кейін өтеу мерзімін қылмыстық құқық теориясына сәйкес жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты өзгерту керектігі туралы ұсыныс тастадым. Менімен тек депутат Артур Платонов қана келісті, - деді профессор. 

Еске сала кетейік, Сенаттың жалпы отырысында «Қылмыстық сот ісін жүргізу, жаза атқару саласындағы адам құқықтары, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы