Сарапшы: Ұлттық Құрылтайдың құрылуы – «естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам

30 Наурыз 2022, 16:26
1824
Бөлісу:
Сарапшы: Ұлттық Құрылтайдың құрылуы – «естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров «Sarap» эксперттік клубының отырысында айтты. 

Әрбір шешім жан-жақты сарапталады. Сондай-ақ Парламент қабырғасында азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сапалық қағидаттарын қалыптастыратын қоғамдық бақылау туралы заң жобасы да талқылануда, - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров. 

Ведомство басшысы ел дамуының өзекті мәселелерін шешуге белсенді азаматтарды тарту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне ҮЕҰ-ды тарту тетіктері жетілдіріледі деп отыр. Сонымен қатар ұлттық құрылтайдың құрылуына қатысты өз ойын ортаға салды. 

Ұлттық Құрылтайдың құрылуы ашық қоғамды қалыптастырудағы және «естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Оны құруға республиканың түкпір-түкпірінен және әртүрлі облыстардағы азаматтық қоғам өкілдерінің барынша көп саны тартылады, - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы «Sarap» эксперттік клубының алаңында «Жаңа Қазақстан» үшін саяси реформалардың жаңа бағдарламасы» атты дөңгелек үстел өткені туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы