Қаржы саласының маманы, экономист, журналист Айбар Олжаев референдум бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді. Оған 44 160 азамат қатысып, 300 дауыс беру учаскесі қамтылды.
Экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап берген.
Соңғы уақыттағы негізгі тақырып осы референдум еді. Сауатты үгіт-насихат, бүкіл мемлекеттік аппаратты, партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен халықтық штаб атынан азаматтық қоғамды жұмылдыру, аудиториямен нысаналы жұмыс өз жемісін берді, - деп жазды Айбар Олжаев.
Сонымен қатар, сарапшы ресми шешім нәтижесін күтетінін жазды.
ОСК беретін ақырғы ресми шешімді күтеміз. Бірақ экзитпулдан тым алшақ болмайтыны анық, - деді ол.