Сарапшы: Қытай – Қазақстанның басты сауда серіктесі

Бөлісу:
Сарапшы: Қытай – Қазақстанның басты сауда серіктесі
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

ҚР Президент іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас маманы, PhD докторы Нұржан Сәуленқызы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келу жөнінде және ШЫҰ Астана саммитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Қытай - Қазақстанның негізгі шетелдік инвесторы. Соңғы 15 жылда бұл елден Қазақстанға 25 млрд АҚШ доллар инвестиция тартылған.

Астана саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келуі - қазақ-қытай жылнамасындағы айтулы әрі тарихи оқиға. Бұл - екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам. Мемлекет басшысының айтуынша, осы екі ел арасындағы байланыстардың тарихы тереңде жатыр. Атап айтқанда, ежелден екі ел арасындағы өзара қолдау, тығыз сауда, гуманитарлық қолдау байланыстарының белсенді дамуы Ұлы Жібек жолынан бастау алып, төрткүл дүниеге таралған киелі жолда ынтымағы мен бірлігі жарасқан. Сондай-ақ екі ел арасындағы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бұл құжаттарда екі ел қатынастарының жетістіктері мен алдағы жоспарлары кеңінен қамтылған. Мемлекет басшылары күшті біріктіре отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық әріптестікті жандандыруға ниетті екендігін білдірді. Көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп салалары бойынша келісімдерге келіп отыр. Қытай - Қазақстанның басты сауда серіктесі. Былтыр елдер арасында сауда көлемі 41 млрд АҚШ доллары болған. Алдағы уақытта тауар айналымын бұдан әрі қарай еселей түспек. Қытай - Қазақстанның негізгі шетелдік инвесторы. Соңғы 15 жылда бұл елден Қазақстанға 25 млрд АҚШ доллар инвестиция тартылды. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 16%-ға көбейген. Бүгінде құны 14,5 млрд АҚШ доллары болатын жоба жүзеге асырылып жатыр, - дейді Нұржан Сәуленқызы.

ҚР Президент іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас маманы қазақ- қытай арасындағы табысты жүзеге асқан бірлескен жобаларға тоқталып өтті.

Күні кеше екі ел арасында талқыланған өзекті тақырыптарлың бірі - ауыл шаруашылығы, ынтымақтастық мәселесі. Бұл салада табысты жүзеге асқан бірлескен жобалар бар. Онда егіншілікте smart жүйесін қолдануға, су ресурстарын тиімді пайдалануға, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге айырықша назар аударылады. Осы орайда Қазақстан Қытайдың технологияларын қолдануға, нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Сондай-ақ Қытайдың ЖОО-да мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр. Қазақстан техникалық мамандарды даярлау мәселесіне баса мән береді. Қытай төрағасы екі мемлекет қарым-қатынасын тереңдету үшін 4 түрлі негізгі қағидаларды атап өтті осы жолы. Біріншісі, өзара саяси сенімді тереңдету, екіншісі - практикалық ынтымақтастықты дамыту, үшіншісі - мәдени-гуманитарлық байланысты арттыру, төртіншісі – халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, - дейді PhD докторы.

Нұржан Сәуленқызы ШЫҰ-ға мүше елдер арасында 2024-29 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы Тоқаев ұсынған «Әділетті бейбітшілік пен келісім үшін дүниежүзілік бірлік» бастамасы өсіп келе жатқан геосаяси шиеленістерге және мемлекеттер арасындағы текетірес үрдісіне жауап болып табылады ШЫҰ-ға мүше елдер арасында 2024-29 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын, Терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025-27 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау ұсынылып жатыр, - дейді ҚР Президент іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас маманы.

Өзгелердің жаңалығы