Сарапшы: Әлеуметтік қашықтық нормаларын ескермеу – барлық жетістікті жойып жіберуі мүмкін

28 Сәуір 2020, 15:11
1759
Бөлісу:
Сарапшы: Әлеуметтік қашықтық нормаларын ескермеу – барлық жетістікті жойып жіберуі мүмкін
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Лидия Пархомчик Президент мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Қазақстан ауқымды мемлекеттік басқару жүйесі мен экономикалық жүйенің негізін қамтитын терең өзгерістердің алдында тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі мәлімдемесімен келіспеу қиын, - дейді ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Лидия Пархомчик. 

Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы және карантиндік шаралардың жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарын жою бойынша Қазақстанның қабылдап жатқан шаралары тиімді. 

Алайда, экономикалық дамудың одан әрі стратегиясына түзетулер енгізу керек. Қауіпсіздік кеңесінің соңғы отырысында айтылған Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларымен келісе отырып, Мемлекет басшысы экономикалық өсуді қалпына келтірудің, соның ішінде ең көп зардап шеккен салаларды қолдауға арналған кешенді жоспардың дайындалғанын мәлімдеді. Төтенше жағдайды 2020 жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қою арқылы Қазақстан Президенті қазіргі эпидемиологиялық жағдайды басшылыққа алды. Қауіпті вирустың бақылаусыз таралуын болдырмау үшін біраз жұмыс жасалды. Алайда, әлеуметтік қашықтық нормаларын ескермеу – бүгінге дейін жеткен барлық жетістікті жойып жіберуі мүмкін, - деді ол.

Сарапшы карантиндік шектеулерді алып тастау туралы шешім барынша ойластырылуы керек деген пікірде.

Мемлекет басшысы вирустың ел аймақтарында таралу динамикасы біртекті емес деген тұжырымға келді. Бір уақытта карантиндік шараларды алып тастау аурудың жаңа толқынын тудыруы мүмкін екенін нақты түсіну керек. Сондықтан, әрбір жағдайда енгізілген карантиндік шектеулерді алып тастау туралы шешім мүмкіндігінше ойластырылуы керек, - дейді ол.

Лидия Пархомчик мемлекет мынадай қиын кезеңде ешкімді қараусыз қалдырмайтынын айтады. 

Эпидемиологиялық қауіп көрсеткішіне қарамастан, қазақстандықтар бір нәрсеге сенімді бола алады, яғни мемлекет ешкімді қараусыз қалдырмайды. Коронавирустық дағдарыс кезінде халықты және бизнесті қолдауға бөлінетін қаражат шамамен 5,9 трлн теңгені құрады. Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау әрқашан ел басшылығының назарында болып келген және солай болып қала бермек, - деді сарапшы.
Өзгелердің жаңалығы