Сарапшы Головкинді жеңе алатын боксшыны атады

6 Қыркүйек 2021, 12:44
9529
Бөлісу:
Сарапшы Головкинді жеңе алатын боксшыны атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxingnews24.com журналисі Скотт Гилфойд қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жеңе алатын боксшыны атады. 

Сарапшының сөзінше, Головкин мен ұлыбританиялық кіші Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) 2016 жылы кездесуі керек болған, ол кезде Головкин фаворит саналған, ал боксшылар қазіргі уақытта жұдырықтасса, Юбэнк жеңуі мүмкін.
Головкин 2016 жылы болған боксшы емес. Қазір 32 жастағы кіші Юбэнк оны жеңуі мүмкін. Егер олардың жекпе-жегі алдағы 12 ай ішінде өтсе, Головкиннің жасы 40-та болады, - деді Гилфойд.
Орта салмақтағы WBA уақытша чемпионының сөзінше, ол IBF титулының иегерімен жекпе-жек өткізуге дайын.
Мен Головкинді көптен бері аңдып жүрмін. Меніңше, жанкүйерлеріміз біздің жекпе-жегімізді көргісі келеді. Егер қателеспесем, ол келесі кездесуін Риото Муратаға қарсы өткізеді. Сондықтан Геннадиймен жекпе-жегіміз 6-9 айдан кейін өтуі мүмкін, - деді Крис Юбанк.

Өзгелердің жаңалығы