Саран шаһары. 2020 жылға жоспар: 100 пәтерлі үш үй

7 Ақпан 2020, 17:36
1548
Бөлісу:
Саран шаһары. 2020 жылға жоспар: 100 пәтерлі үш үй

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының іргесіндегі Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында ілгерілеу байқалады. Болашаққа жоспарлар да мардымды. Бұл жайында журналистермен кездесуде қала әкімі Ержан Темірханов мәлімдеді.

Қала басшысының айтуынша, қазіргі уақытта басты жұмыстар қалаға инвестиция тарту айналасында өрбуде. Өткен жылы шаһарға тартылған инвестиция көлемі 11,5 млрд теңгені құраған.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер бар. Өткен жылы шетелдік инвестиция есебінен "жасыл энергетика" бағытын дамытуды қолға алдық. 2020 жылы да бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылмақшы. Инвестиция тамақ өнеркәсібі, құрылыс салаларын қамтитын болады. 2019 жылы қаламызда бірнеше инфрақұрылымдық маңызды жобалар іске асырылды. Мысалы, өткен жылы су жеткізу желісінін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, су жүйесі мен кәріз жүйесінің 20 шақырым қашықтықтағы проблемалық бөлігі ауыстырылды. Электр желісімен қамту бойынша да тұрғындарын алаңдатқан сұрақтар шешімін тапты. Бұл қараусыз қалған желілерге қызмет көрсету мәселесі болатын. "Қарағанды Жарық" ЖШС-не 45 шақырым әуе және кабельді желілер, 9 трансформаторлы қосалқы станция берілді. Өткен жылдың соңында компания аталған нысандарды қарауына алып, жекеменшігіне өткізді. Бұл шаралар нысандарды кәсіпорынның инвест-бағдарламасы құрамына кіргізуге мүмкіндік береді, - дейді Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов.
Сарандықтардың көптеген жыл бойы бас ауруына айналған орталық жылу жүйесі мәселесінің шешімін табар күн алыс емес. Ағымдағы жылы шілде айында жылу қазандығының құрылыс жұмыстары басталады, әзірге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр.
Бүгінде аяқталмаған жылу жүйесі нысанының техникалық жағдайы жайлы аудит қорытындысы бар. Аяқталмаған нысан қаланың қорына алынды. Оны түзету бойынша мердігер анықталған. Қажетті түзетулер жасалғаннан кейін ашық конкурс жариялап, мердігерді анықтап, құрылыс жұмыстарын жаз айларында бастауды жоспарлап отырмыз. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2020-2021 жылдар, - дейді қала басшысы.

Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен қолжетімді тұрғын үй құрылысы да қарқын алмақ. Бүгінгі таңда 100 пәтерлі үш үйдің жобасы дайындық үстінде. Құрылысқа арналған жер анықталып қойған.

2019 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаламызда көп пәтерлі үй салынып, ондағы 120 пәтер әлеуметтік қорғалатын отбасыларға жалға берілді. Саран қаласы облыста алғашқылардың бірі болып кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың барлығын баспанамен қамти алды. Биылғы жылы да тұрғын үй құрылысы жалғасын
табады, бұған облыс бюджеті қолдау танытпақшы. Жалға берілетін үйлердің құрылысын мамыр айында бастауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Саран қаласында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады. Оның ішінде маңыздылығы екінші орындағы жолдар жөнделіп, аулалар аббаттандырылады. Жаңа спорт алаңдары салынып, 3 шағын гүлзар пайда болады, - дейді әкім.
Қала әкімінің айтуынша, әлеуметтік мәселелерді шешуде бюджет қаржысымен қатар демеушілердің көмегі де пайдаланылуда. Тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында Саран қаласында 2019 жылы 208 млн бюджет қаржысы игеріліп, 10 мыңнан аса жәрдемақы тағайындалған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда төрт есеге көп.
Өзгелердің жаңалығы