Саран қаласындағы Абай атындағы мектепте коворкинг орталығы ашылды

25 Ақпан 2022, 05:39
1763
Бөлісу:
Саран қаласындағы Абай атындағы мектепте коворкинг орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саран қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте коворкинг-орталық ашылды. Ол заманауи компьютерлермен, жоғары жылдамдықты интернетпен, WI-FI-мен жабдықталған.

Орталықта ғылыми қызмет, танымдық белсенділікті арттыру, бейресми кездесулер, демалыс аймақтары және жеке жұмыс істеуге арналған алаңдар бар. Мұнда үстел ойындары – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойнауға, сондай-ақ кітап көрмелерін тамашалауға болады.

Коворкинг-орталық мектеп оқушылары жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыра алатын заманауи алаңға айналады. Оқушылар онда  білім алып, бос уақытын тиімді өткізеді деп жоспарлануда.

Болашақта осындай орталықтар қаланың барлық мектептерінде ашылады. Біз бұл жерде оқушылардың кемеңгер идеялары дүниеге келетініне, таланттары ашылатынына сенімдіміз, – деп атап өтті Саран қаласының білім беру бөлімінде.

Өзгелердің жаңалығы