Сақтандыру компаниясы мүгедек болып қалған қызға өтемақысын 5 жыл өткен соң төлеген

3 Маусым 2024, 21:07
386
Бөлісу:
Сақтандыру компаниясы мүгедек болып қалған қызға өтемақысын 5 жыл өткен соң төлеген

 2018 жылы азамат өз көлігімен қарсы жолаққа шығып кеткен кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен, соққыдан оны басқа көлік қағып, жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір жылдан кейін жәбірленушіге «үшінші топтағы мүгедектігі бар бала» деген мүгедектігі санаты белгіленген.

Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) ұшыраған көліктердің екі иесі де екі сақтандыру компаниясында сақтандырылған, жәбірленуші сақтандыру төлемін алу үшін өтініш берген. Алайда, оған бас тартылған.

Сондықтан жәбірленуші сақтандыру компанияларының үстінен олардың сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімдерін заңсыз деп тану және оны төлеуге міндеттеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот және апелляция сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 5 жылдан астам уақыт өтуіне және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауына, жауапкердің талап қою мерзімін қолдануына байланысты талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

Сот жәбірленуші өзінің бұзылған құқықтары туралы тек 2023 жылы жауапкерлермен хат алмасудан кейін білгенін анықтады. Сондықтан жергілікті соттар Жоғарғы Соттың «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысына сәйкес ескіру мерзімін дұрыс қолданбаған.

«Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» заңға сәйкес жол-көлік оқиғасы бірінші көлік жүргізушісінің кінәсінен орын алған. Демек, сақтандыру компаниясының дәл бірінші автокөліктен бас тартуы заңсыз деп танылып, сақтандыруды төлеуге міндетті болды.
Жоғарғы Сот төменгі сатыдағы соттардың сот актілерін өзгертті: ЖКО-ға кінәлі сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімі заңсыз деп танылып, одан талап қоюшының пайдасына 1,7 млн теңге өндірілді.

Өзгелердің жаңалығы