Сақалды құрылысқа айналған "Ертіс-Успенка" арнасы қашан іске қосылады

31 Мамыр 2024, 13:27
276
Бөлісу:
Сақалды құрылысқа айналған "Ертіс-Успенка" арнасы қашан іске қосылады

Ертіс өңірінде сақалды құрылысқа айналған "Ертіс-Успенка" арнасы осы жылдың соңында қолданысқа берілуі тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, жоба аясында 22 мың гектар жерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіледі.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитовтың айтуынша, 2030 жылға қарай елімізде суармалы жер алқаптарын 3 млн гектарға дейін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ал Павлодар облысында бұл уақытқа дейін 300 гектарлық аумақты игеру жоспарланған. Соңғы төрт жылда суарылатын жерлер көлемі 65 мың гектарға жетті. Оның ішінде 25 жоба бойынша алқаптарға инженерлік инфрақұрылым тартылды. Биыл сегіз мың гектарды айналымға енгізу жоспарланып отыр, - дейді Мұрат Хамитов.

Бұл бағытта "Қазсушар" кәсіпорнына тиесілі төрт жоба бар.

Ірі жобалардың қатарында Павлодар ауданында сақалды құрылысқа арналған «Ертіс-Успенка» арнасы бар. Бұл жоба жеті жыл бұрын басталғанмен, ал қаржыландыру 2021 жылы берілді. Биыл жұмыстар толық аяқталып, гидронысан қолданысқа беріледі. Арна іске қосылған соң суармалы егістік алқаптары 10 мың гектарға жетіп, ауыл шаруашылығы мақсатында игеріле бастайды. Жобаның екінші кезегін де іске қосу жоспарланған. Осылайша, нысан Успен ауданына дейін жетпек, - дейді Мұрат Хамитов.

Еске сала кетсек, арнанйы ұзындығы 13 шақырым. Ілкімді жоба іске қосылған соң он мың сүтті сиырды жем-азықпен қамтып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге мүмкіндік туады. Жоспар бойынша арна Павлодар облысында көкөніс алқаптарын ұлғайтуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, аймақта суармалы егіншілікті дамыту бойынша 35 жоба жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы