Сапарбаев Қызылорда облысының ауыл тұрғындарымен кездесті

27 Қазан 2019, 13:46
2791
Бөлісу:
Сапарбаев Қызылорда облысының ауыл тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесіп, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарын түсіндірді.

Атап айтқанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап еңгізілетін көпбалалы және мұқтаж отбасыларға арналған көмектің жаңа әдісі тұралы айтты.

"Мемлекеттің негізгі қағидаты - шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін болады. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмек көпбалалы отбасыларды қолдауды, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілді әлеуметтік пакетті қамтитын болады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларды қолдау республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақыны енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Аталмыш мемлекеттік жәрдемақы жанұяның табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден беріледі. Ал, АӘК аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға да төленетін болады.

Министр АӘК алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Оларды жұмысқа орналастыру үшін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері пайдаланылатын болады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі барлық отбасы мүшелері үшін тоқтатылады.

BEK_9515.jpg

Министрдің баяндамасын мұқият тыңдап, ауыл тұрғындары мемлекеттік әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін мақұлдады. Аудан тұрғындары зейнеткерлік және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қолдаушараларын көрсету және басқа да мәселелерді шешуге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

"Мемлекет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындап отыр. Әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің 45% бағытталды. Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ерекше көңіл бөледі, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы өсуде, жүздеген нысан – мектептер, ауруханалар, әлеуметтік тұрғын үйлер салынып, жолдар жөнделуде. Ағымдағы жылдың 9 айынынң өзінде АӘК төлеуге 200 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды", - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, вице-премьер жастарға рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру және денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру, МӘМС енгізу, сандық технологияларды дамыту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саланы дамытудың басқа да мәселелерін қозғады.
Сондай-ақ, үкіметтік топ Шиелі ауданындағы жаңа аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Нысан 2019 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.

DJI_0030.jpg

Келесі нысан-Шиелі Гежуба цемент зауыты. Кәсіпорынның құрылысы 2018 жылдың желтоқсанында аяқталып, 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Жобаның құны-64 млрд теңге. Орталық Азияның заманауи технологияларымен жабдықталған зауыт жылына 1 млн тонна өнім шығаруға қуатты.

Өзгелердің жаңалығы