Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танымал әлеуметтік желілерде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Facebook, Instagram әлеуметтік желіcінде парақшасын ашқан Б.Сапарбаев халықпен еркін диалог құруға дайын екендігін жеткізді.
Халықпен тиімді байланыс орнату – ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашқанды жөн көрдім. Өздеріңізбен өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынымызға сенімдімін, - деп жазды әкім алғашқы жазбасында.
Әкімнің айтуынша, ортақ мақсат – өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру.