Сапарбаев 1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

5 Наурыз 2019, 15:41
17884
Бөлісу:
Сапарбаев 1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Астана,  BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 1 шілдеден бастап болжам бойынша бір миллион қазақстандықтың жалақысы көтерілетінін айтты. Бұл туралы ол  Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

"Ең төменгі жалақы алатын бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы шілдеден бастап 30% өсетін болады. Бұл негізінен мәдениет, білім, денсаулық, спорт салалары. Болжам бойынша ең кемінде 1 млн жуық қазақстандықтардың жалақысы көбейетін болады. Онымен қоса еңбек өтіліне байланысты бірінші-сегізінші разряды бар ең төменгі жұмыс істейтіндердің де жалақылары 30% көбейед", - деді Сапарбаев. 

Министр ауыл, аудан, қалалық, облыс әкімшіліктерінде жұмыс істейтін төменгі жалақы алатын азаматтардың да жалақысы 25% көбейетінін мәлімдеді. Осы арқылы  ең кемінде 77 мың адамның жалақысы көбейеді. Барлық жалақыны көтеруге бюджеттен ақша қаралады.
Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы