Министр: Сапалы кадр даярлау - жұмыстың жүйелілігіне тікелей байланысты

19 Сәуір 2022, 09:56
1928
Бөлісу:
Министр: Сапалы кадр даярлау - жұмыстың жүйелілігіне тікелей байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, сапалы кадрларды даярлау мемлекеттік органдар, оқу орындары және жұмыс берушілердің бірлескен әрі жүйелі жұмысына тікелей байланысты.

Әр ұйымның орны ерекше. Мысалы, Еңбек министрлігі «Қандай және қанша маман дайындау керек?», «Олардың құзыреттіліктері қандай болуы тиіс?», «Маман не білуі керек және оның құзыреттіліктерін қалай дәлелдейміз?» деген сұрақтарға жауап берсе, біздің министрлік осы қажетті әрі күтілетін дағдыларын, құзыреттіліктерін нақты оқу бағдарламаларына енгізілуін нақты  қамтамасыз ету, стандарттарын дайындау, мемлекеттік тапсырыс беріп, нақты оқытуын қамтиды, - деп атап өтті еліміздің бас ұстазы. 

Сонымен қатар ол «Атамекен» палатасы мен жұмыс берушілер қажетті кадрларға тапсырыс беріп, кәсіби стандарттарды белгілеп, дайын мамандардың біліктілігін анықтап, осы бағдарламаларды дайындауға қолдау көрсететіндігін алға тартты. 

 Жергілікті әкімдіктердің де осы жұмыстағы орны ерекше. Жалпы еліміздің кадр дайындайтын оқу орындарында қазір 1 млн 100-ден астам студенттер білім алуда. Орташа есеппен алғанда, жыл сайын оның 300 мыңы жұмыс нарығына шығады. Сапалы кадр дайындау үшін жұмыс 6 басты бағыт бойынша жүргізілуде. Соның ішінде: білімге қолжетімділікті кеңейту; академиялық еркіндікті кеңейтіп, менеджментті жетілдіру; білім беру бағдарламаларын жаңартып, жаңа бағдарламалар ашу; жұмыс берушілерді кадрларды даярлауға тарту және сапаны қамтамасыз ету жүйесі бойынша жұмысты жүргізудеміз, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы