Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Тамыз кеңесі басталды

24 Тамыз 2023, 10:28
5495
Бөлісу:
Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Тамыз кеңесі басталды
PHOTO
Фото: автордан

Елордада білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тамыз кеңесінің тақырыбы - «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт».

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, екі күнге жалғасатын панельдік және секциондық сессияда педагогтер мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіби, қосымша, инклюзивті білім беру, балалардың құқығын қорғау және сапалы біліммен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.

Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Тамыз кеңесі басталды

Бүгін өңірлерде өз тақырыптық бағыттар бойынша секциондық отырыстар басталып кетті.

Бас қаламызда «Жайлы жағдай қалыптастыру» тақырыбында білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланады.

25 тамызда 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық сессия онлайн режимде өтеді.

Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Тамыз кеңесі басталды

Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.

Форумның пленарлық сессиялары министрліктің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube ресми парақшаларында таратылады.

Өзгелердің жаңалығы