Санкт-Петербургте бірден 13 көлік соқтығысып, 16 адам жарақат алды

3 Маусым 2023, 19:51
661
Бөлісу:
Санкт-Петербургте бірден 13 көлік соқтығысып, 16 адам жарақат алды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бірден 13 көлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «МИР 24» телеарнасының мәліметінше, 16 адам жарақат алып, оның 11-і ауруханаға жатқызылған. Екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. 

Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің жолдың қарсы бетіне шығып кетуі - апатқа себеп болған. 

Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, істің мән-жайын анықтауда. 

Нижний Новгород қаласында да осыған ұқсас жол апаты болды. Жеңіл көлік қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан алты адам көз жұмды. 

Айта кетейік, кеше Үндістанда екі пойыз соқтығысып, қаза болғандар саны 300-ге жуықтады, ал жарақат алғандар саны 900-ден асты. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан басшысы Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Өзгелердің жаңалығы