Санитарлық шаралар күнделікті әдетке айналуы керек

22 Маусым 2020, 19:47
1853
Бөлісу:
Санитарлық шаралар күнделікті әдетке айналуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов жалпы сақтық шаралары туралы айтып берді.

Елімізде қоғам үшін маңызы басым мекемелердің жұмысы қайта жанданғанына біраз болды. Түрлі саябақтар мен парктер, ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық мекемелерді қайта іске қостық. Алайда, соңғы тіркелген коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары осындай орындардан анықталып жатыр. Алдымен, осындай мекемелерге арналған қауіпсіздік алгоритмдері бар. Жұмысқа шыққан қызметкерлердің дене қызуын өлшеп, оның вирус жұқтырған-жұқтырмағанын анықтайтын сүзгіден өткізу шараларын ұйымдастыруы керек. Бұл – жұмыс берушінің міндеті, - деді ол.

Департамент директорының айтуынша, егер қандай да бір мекемеде коронавирус белгілері бар қызметкер анықталса, оны оқшаулайтын арнайы бөлме жасақталуы керек.

Сонымен қатар, қолды үнемі жуып тұру, жұмыскерлер арасында арақашықтық сақтау, адамдардың қолы жиі тиетін жерлерді, үстел-орындықтарды, есіктің тұтқаларын міндетті түрде дезинфекциялау маңызды. Егер қандай да бір мекемеде коронавирус белгілері бар қызметкер анықталса, оны оқшаулайтын арнайы бөлме жасақталуы керек. Ол адамның басқалармен байланысқа түсуін барынша шектеу қажет. Тағы бір айта кететін жайт, мұндай мекемелерде корпоративтік жиындарға тыйым салынады, - деді ол. 

Жұмабек Бекенов вирустың негізгі жұғу ошағы қоғамдық көлік екенін айтты. Оның айтуынша, қоғамдық көліктерде вирустың жұғу қауіп жоғары. 

Осыған байланысты біз транспорт жүргізушілерін рейске шығарда міндетті түрде залалсыздандыру шараларын жүргізуге шақырамыз. Бір рет қана емес, әрбір елді мекенге келген сайын адамдардың мініп-түсуіне байланысты жүргізілуі керек. Жалпы, сақтану шаралары жайнда бұған дейін де талай мәрте айтылды. Жеке гигиена, маска тағу, қолғап кию, адам көп шоғырланған жерлерге бармау, белгілі бір мекемеге келген кезде немесе үйге келген сайын қолды сабындап жуу, үйде жиі желдету деген қарапайым шаралар күнделікті әдетке айналуы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы