Сан-Диегода ұшақ апатқа ұшырады: Қаза тапқандар бар

8 Қыркүйек 2026, 13:45
АВТОР
 unsplash.com 8 Қыркүйек 2026, 13:45
8 Қыркүйек 2026, 13:45
229
Фото: unsplash.com

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орналасқан Монтгомери Филд әуежайының аумағында кішігірім ұшақ құлап, екі адам қаза тапты.

Не болды?

California Post басылымының мәліметінше, Сан-Диего қаласындағы Монтгомери Филд әуежайының ұшу-қону жолағында жеңіл ұшақ апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. Сондай-ақ апаттан кейін әуежай уақытша жабылды. Оқиға орнында шамамен 30 өрт сөндіруші қызмет атқаруда. Құтқарушылар ұшу-қону жолағындағы ұшақтағы өртті өшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Апаттың себебі неде?

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Жергілікті полиция авиаапаттың себептері мен мән-жайын анықтауды жалғастыруда.

Бұған дейін Майамиде Boeing 767 ұшағы апатқа ұшырап, кемінде бес адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ұшақ Сан-Хуаннан рейсті орындап, қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Содан кейін бірнеше автокөлікке соғылып, өртеніп кеткен. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бір бөлігі ұшақтың жолында қалған көліктердің ішінде болған.

Тағы оқи отырыңыз: 

Үндістанда ұшақ әуежайдағы бағанаға соғылды

«Әзілдесуге болмайды»: Зейнеткер Алматы-Ақтау рейсінен түсіріліп, жауапқа тартылды

Калифорнияда төрт адам мінген ұшақ апатқа ұшырады: екі бала қаза тапты

 

Наверх