Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды

6 Маусым 2023, 16:57
1104
Бөлісу:
Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Елордада Спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ересектер, жастар және жасөсіпірімдер (ұлдар, қыздар) және зағип спортшылар арасындағы чемпионат 5-11 маусым күндері Астана қаласындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өтеді.

Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды

Азия және Океания чемпионаты - тарихи жарыс. Бұл чемпионат алғаш рет өтіп жатыр. Турнирдің тағы бір ерекшелігі - зағип жандар осы жарыста бақтарын сынап көреді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен қолдау болмағанда бұл жарыс өтпейтін еді. Жарыс ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Турнир өте тартысты өтеді деп ойлаймын. Спортшыларға жеңіс тілеймін. Барлығына сәттілік, - деді Азия және Океания самбо федерациясының президенті Аламжон Муллаев.

Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды

Чемпионатқа 30 елден 600-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов бұл жарыстың елордада өтуінің өзіндік ерекшелігі бар екенін жеткізді.

Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды

Чемпионаттың Қазақстанда өтуі тарихта алғаш рет. Сондай-ақ тағы бір басты ерекшелігіміз - самбодан зағиптар мен нашар көретіндер арасында Азия және Океания чемпионаты бірінші рет өткізіліп отыр. Турнирді елімізде өткізудің өзіндік мәні бар. Қазақстанда осындай чемпионаттар өткізу арқылы спортшыларымыздың кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашамыз. Сондай-ақ жастардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылығы артады деген де сенім бар. Одан бөлек елімізді және Астана қаласының имиджін халықаралық аренада насихаттау басты мақсаттарымыздың бірі, - деді Айдос Ақжанов.

Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды

Байрақты бәсекеде елімізден 24 мүмкіндігі шектеулі спортшы, 126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошы бақ сынайды.

Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов еліміздегі самбо спортының қалай дамып жатқанын тілге тиек етті.

Самбо оң жамбасымызға жақын спорттың бірі. Бүгінгі таңда самбо күресімен 42 600 адам тұрақты түрде айналысады. 15 мыңға жуық спорттық секция жұмыс істесе, 470 бапкер жаттықтырады. Қазақстанның самбо тарихында 10-нан аса әлем чемпионы бар. Азия чемпионаттарында 30-дан аса алтын медаль алдық. Қазір осы жарысқа спортшыларымызда жақсы дайындалып, сақадай сай, - деді Бекболат Байжанов.

Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды

Айта кетейік, жарыста FIAS сертификатына ие болған жаттықтырушылар ғана төрелік етеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан және FIAS youtube каналынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

Самбо саңлақтары елордада бақ сынайды
Өзгелердің жаңалығы