Самарқандта Орталық Азия елдерінің эпизоотиялық салауаттылығы мәселелері талқыланды

10 Маусым 2023, 09:09
846
Бөлісу:
Самарқандта Орталық Азия елдерінің эпизоотиялық салауаттылығы мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Қазақстандық делегация Самарқандта өткен «Бірыңғай денсаулық» Орталық Азия техникалық кеңесіне және жануарлар денсаулығы жөніндегі желісінің үшінші семинарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесулерге Орталық Азия өңіріндегі елдердің ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және экология министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ДДҰ мен БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі сарапшылары қатысты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан вице-министр Рүстем Құрманов, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегенов және басқалар қатысты.

Самарқандта Орталық Азия елдерінің эпизоотиялық салауаттылығы мәселелері талқыланды

Халықаралық кездесу алаңында Орталық Азияның азық-түлік жүйелерін қорғау, өңірлік сауданы жақсарту, өңірдің экономикалық дамуы және аурулардан туындаған жануарлар мен адам денсаулығына қауіптерді азайту туралы негіздемелік бағдарламаны әзірлеу мәселелері талқыланды.

Самарқандта Орталық Азия елдерінің эпизоотиялық салауаттылығы мәселелері талқыланды

Панельдік сессияларда климаттың өзгеруі аясында трансшекаралық және табиғи ошақты аурулармен байланысты мәселелер талқыланды.

Өңірлік кеңестің қорытындысы бойынша делегаттар ықтимал пандемияға белсенді дайындық, стейкхолдерлерді енгізу және инвестициялар тарту қажеттігін атап өтті, бұл ОА елдеріне аурулардың өршуі кезінде қолданылатын шаралар бойынша бірыңғай стандарттар мен әдістемелерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Самарқандта Орталық Азия елдерінің эпизоотиялық салауаттылығы мәселелері талқыланды

Кеңес аясында қазақстандық делегация Өзбекстанның ветеринарлық қызметінің басшылығымен отандық кәсіпорындарды экспорттаушылар тізіліміне енгізу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы