Самарқанда ЕҚДБ басқарушылар кеңесінің отырысы өтті

18 Мамыр 2023, 21:50
788
Бөлісу:
Самарқанда ЕҚДБ басқарушылар кеңесінің отырысы өтті
Фото: Қаржы министрлігі

Еуропалық қайта құру және даму банкі басқарушылар кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыс аясында Д.Кеңбейіл мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ төрағасының орынбасары А. Мұхамеджановтың қатысуымен «Инвестициялар үшін тартымды мүмкіндіктер: Көп секторлы тәсіл» тақырыбында Қазақстан бойынша инвестициялық сессия өтті.

Д.Кеңбейіл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, еліміздің шетелдік капиталды және әлемдік деңгейдегі инвестицияларды тарту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

Сессияға 200-ден астам қонақ қатысты, оның ішінде қаржы ұйымдарының, бизнес қоғамдастықтың өкілдері және шетелдік корпорациялардың басшылары.

Аталған сессияның қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазақстандағы ЕҚДБ кеңсесі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, Бизнес форум алаңында Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Томас Острос және ЕҚДБ Еуразия инфрақұрылым бөлімінің басшысы, директоры Екатерина Мирошникпен екіжақты кездесулер өтті, онда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы