Самарқан су қоймасында қайығы аударылған ер адам құтқарылды

ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

 Скриншот Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
122
Фото: Скриншот

Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Самарқан су қоймасында суға түсіп кеткен ер адамды құтқарып қалды.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Теміртау қаласындағы Песчаная коса ауданында болған. 112 пультіне қайықтың аударылып, ер адамның суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар азаматты судан шығарып, оны медициналық тексеру үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мамандар ауа райы болжамын алдын ала тексеріп, құтқару кеудешесін киюді, техникалық жарамды қайықтарды пайдалануды және қатты жел кезінде суға шықпауды ескертті.

 

Наверх