Жер бетінде магниттік дауыл басталды

Тұрғындар бұл құбылыстың кері әсерін сезінулері мүмкін.

 freepik.com Бүгiн 2026, 10:27
Бүгiн 2026, 10:27
133
Фото: freepik.com

Жер бетінде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл болып жатыр. Бұл аса күшті дауыл болмаса да, оның әсері ұзаққа созылатындықтан, көптеген адам өз денсаулығында жағымсыз өзгерістерді сезуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, G1 деңгейі әлсіз магниттік дауылға жатады. Дегенмен кей уақыттарда оның күші G2 деңгейіне дейін жетуі ықтимал.

Мұны meteoagent деректері де растайды. Бүгін Кр-индекс 6-ға жуықтайды деп күтілуде. Бұл орташа деңгейдегі геомагниттік дауылға сәйкес келеді.

Мамандардың болжамынша, магниттік дауыл кем дегенде үш күнге – 15-17 мамыр аралығына созылып, кейін біртіндеп әлсірейді. G2 деңгейіндегі магниттік дауылдар орташа күшті болып саналады және адамдардың көңіл күйі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Мұндай күндері көп адам бас ауруына, қан қысымының өзгеруіне, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, ашушаңдыққа және ұйқының бұзылуына шағымданады. Әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдар мен созылмалы шаршаудан зардап шегетіндер геомагниттік өзгерістерге сезімтал келеді.

Мамандар магниттік дауылдың кері әсерін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Сондай-ақ мұндай күндері күйзелістен және ауыр физикалық жүктемеден аулақ болған жөн.

Наверх