«Самара-Шымкент» тасжолының төрт учаскесі жөнделді

15 Қараша 2022, 12:41
684
Бөлісу:
«Самара-Шымкент» тасжолының төрт учаскесі жөнделді

Биыл «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының төрт учаскесі жөнделді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, орташа жөндеу жұмыстары бұл тасжолдың Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан өңірлерінде орналасқан учаскелерінде жүргізілді. 

Жөнделген учаскелердің қатарына:

Ақтөбе өңіріндегі ұзындығы 49 шақырымды құрайтын Ақтөбе қаласынан Қобда ауылына дейінгі учаске; (626-690 шқ аралығы).

БҚО-дағы Бекей елді мекенінен Ақтөбе өңірінің шекарасына дейінгі 81 шақырымдық учаске; (298-330, 408-443, 511-526 шқ аралығы).

Ақтөбе өңірінің шекарасынан Түркістан өңірінің шекарасына дейінгі 116 шақырым; (1248-1555, 1713-1804, 1806-2057 шқ аралығы).

Түркістан облысындағы Икан қаласынан Спатаево ауылына дейінгі 48 шақырымдық аралық жатады; (2137-2185 шқ аралығы).

Жалпы биыл «Самара-Шымкент» республикалық трассасының 300 шақырымы жөнделді.

Естеріңізге сала кетейік, «Самара-Шымкент» республикалық автожолы еліміздегі ең ұзын жолдардың қатарына жатады. Тасжол еліміздің бірнеше өңірінен өтеді. Автотрассаның жалпы ұзындығы - 2010 шақырым.

Өзгелердің жаңалығы