"Самұрық-Қазына" Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді

21 Мамыр 2020, 19:12
1294
Бөлісу:
"Самұрық-Қазына" Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"  АҚ Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зақымдалған нысандарды қалпына келтіруге 1 млрд теңге жібереді. 

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қолдау көрсету туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес қабылданды.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, Мақтаарал ауданында зақымдалған нысандарды қалпына келтіруді және Қор бөлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын "Түркістан" әлеуметтік даму қоры қамтамасыз етеді.

Айта кетейік,1 мамыр күні қатты жаңбыр мен дауылдан кейін Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторларында  су толып, бірнеше елді мекенді су басты. Осыған байланысты, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" АҚ Түркістан облысының Арыс қаласына қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 7 млрд теңге жұмсаған болатын. Жалпы "Самұрық-Қазына" Қоры Арыс қаласында әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысанын қалпына келтірді. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4-і бұзылып, нөлден қалпына келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы