Салықтық жеңілдіктер қысқарады

18 Маусым 2020, 12:51
2666
Бөлісу:
Салықтық жеңілдіктер қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Салықтық жеңілдіктер қысқарады. Бұл туралы Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұрлан Қылышбаев Сенат отырысында айтты. 

Нұрлан Қылышбаев Қазақстан Республикасы Үкіметі мен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша қорытындыны баяндады. 

Табыс пен экономиканың жаңа көздерін іздеу қажет. Бюджеттің табысы мен резервтерін арттыру мақсатында салықтық және қаржылық ынталандыру жүзеге асырылады. Алайда тәжірибе көрсеткендей, аталған әдістер резерв ретінде жүзеге асырылмай отыр. Бұған мемлекеттік бюджеттің шығындарын қоспағандағы, салық төлеушілерге көрсетілген салықтық жеңілдіктер дәлел болып отыр. Сараптама көрсеткендей, көрсетілген жеңілдіктер бизнесті дамытуға оң әсер ете бермейді. Салалық меморган тарапынан бақылау жүргізілмей отыр. Осылайша, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді қысқарту қарастырылып отыр. Қолдауды қажет ететін бизнес түрлеріне бақылауды жүргізуді күшейту қажет, - деді ол. 

Оның айтуынша, қауіптерді басқарудың аралас әдісін қолдану қажет. 

Салық жүйелірінің өзге меморган жүйелерімен интеграциясын аяқтау керек. Салық есептілігін жеңілдіктер бойынша жетілдіру қажет. Шығындардың дұрысы мен тиімділігі өте маңызды. Пандемия жағдайына байланысты Парламент те, Үкімет те дағдарысқа қарсы шаралар ауқымын ескере отырып, бюджетті барыншы тиімді жұмсау үшін жұмыс істеуі керек. Үкімет бұл тапсырмаларды орындай алады. Ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, нәитижесінде бюджет тиімді қамтамасыз етіледі деген сенімдеміз, - деді Қылышбаев.


Өзгелердің жаңалығы