Салық жүктемесінің коэффициентін БАҚ-та ашық түрде жариялау керек

28 Маусым 2022, 20:06
1213
Бөлісу:
Салық жүктемесінің коэффициентін БАҚ-та ашық түрде жариялау керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары салық заңнамасын жетілдіру мәселелерін талқылаған AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында айтты.

Ең алдымен, салық жүктемесінің коэффициентін есептеу әдістемесін қайта қарау керек. Сол кезде бәрі өз орнына келеді. Сол кезде біз бір кәсіпорынның салықты көп төлей ме, аз ба, біліп отырамыз. Салық жүктемесінің коэффициентін БАҚ-та ашық түрде жариялау керек. Мысалы, кен, мұнай, сауда бойынша орташа салық жүктемелерін жеке-жеке жариялап қою керек. Мұны аумақ бойынша да жасау керек. Бұл салық мәдениетін дамытуға ынталандырады, -  деді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов. 

AMANAT партиясы фракциясының мүшелігіндегі депутаттар алдында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов салық заңнамасын жетілдіру бойынша және «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының өкілі Роман Юртаева салық жүйесінің тұрақтылығы мен ашықтығы туралы ұсыныстарын айтты.

Сондай - ақ, Мәжіліс депутаттары Аманжан Жамалов пен Екатерина Смышляеваның салық заңнамасын тұрақтандыру, кездейсоқ өзгерістер практикасын тоқтату және тиісінше салық саласын цифрлық трансформациялау туралы сөз етті.

Өзгелердің жаңалығы