Салық төлемеген блогерлер қандай күнә арқалайды? – Мүфтият жауап берді

1 Сәуір 2025, 10:13
1125
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Салықтан жалтару – күнә, ал кешірілген қарыз борышкерді міндеттен босатады. Бұл туралы ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Редакциямыз ҚМДБ-ға "Қоғамда кейбір блогерлер мен жеке кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып жүр. Соңғы уақытта қызу талқыланып келеді. Салық төлемей, жалтарған адам қандай күнә арқалайды?" деген сауал жолдады. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандарының айтуынша, жалпы салық қоғамның мүддесі үшін төленеді, сондықтан оны төлемей, қашып жүруге болмайды, - делінген Мүфтияттың ресми жауабында.

Сонымен қатар басқарма мамандары "қарызды кешірдім" деп айтса, борышкердің мойнынан түсе ме?" деген сауалға жауап берді.

Жауап: Шариғатта қарызды кешіріп жіберуге рұқсат етіледі. Өйткені ол қарыз берушінің мүлкі, оны өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Қаласа борышкерге берген қарызын кешіріп жібереді немесе қарызды негізгі сомасынан азайта алады. Егер қарыз беруші қарызды кешірсе, онда борышкердің мойнынан ол міндеттеме түседі.

Али Хайдар "Дурәру әл-хуккәм шәрху мәжәлләти әл-әхкәм" атты кітапта:

51-бап: Мойыннан түсірген нәрсе қайтарылмайды. Яғни біреу өзінің мойнынан түсіруге рұқсат етілген құқықтың бірін кешірсе, онда ол құқық мойнынан түседі. Оны мойнынан түсіргеннен кейін қайтарып алмайды, – деп келтірген.

Өзгелердің жаңалығы