Салық саясаты деген не?

17 Қаңтар 2023, 13:12
1686
Бөлісу:
Салық саясаты деген не?

Бұл туралы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар ол «салық саясаты» ұғымына тоқталды. 

Салық саясаты ұғымына жаңа салық пен бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу, қолданыстағылардың күшін жою жатады. Сондай-ақ салық және бюджетке төленетін төлем мөлшерлемелерін, салық салынатын нысандарды, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығын қамтиды. Салық саясатын осы саладағы уәкілетті орган жүзеге асырады, - деп түсіндірді Жоғарғы Сот төрағасы. 

Айтуынша, халықаралық ұйымдардың нормативтік құқықтық актілері халықаралық шартқа теңестіріледі. 

Ал Конституция бойынша Қазақстан қатысатын халықаралық шарттардың ел аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары республиканың заңнамасында айқындалады. Еуразиялық экономикалық одаққа және олардың органдарына қатысатын халықаралық ұйымдардың, мемлекетаралық бірлестіктердің  шешімдері халықаралық шарттарға теңестіріледі. Халықаралық шарттарды қолдану кезінде еліміздің заңнамасының, оның ішінде салық заңнамасының нормаларынан басымдығы болады, - деді Асламбек Мерғалиев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жоғарғы Сот салық төлеушінің жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайтынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы