Салық берешегін уақытында төлемеудің салдары қандай?

30 Сәуір 2022, 14:24
2116
Бөлісу:
Салық берешегін уақытында төлемеудің салдары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтандың көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек туралы PUSH-хабарламалар банктік қосымшаларға жіберілуде. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталған болатын. 2022 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді. Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң 3 063 теңгеден көп (1 еселенген АЕК) мөлшерде салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады. Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі, - делінген ведомство хабарламасында. 

Сонымен бірге  жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда.Осыған байланысты, жеке сот орындаушыларына алымды төлеу және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздықтарды төлеу есебінен борыштың ұлғаюын болдырмау үшін азаматтарға қолда бар салық берешегін өтеуді және кейіннен мемлекет алдындағы өздерінің салық міндеттемелерін уақытылы орындаған абзал. Салықтық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді (AppStore, PlayMarket) e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін e-Salyq Azamat→Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу қажет. 

Бұдан басқа, қазіргі уақытта салық органдарымен көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек елдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы