Салынған объектілерді қабылдауға мемлекет қатыса ма

13 Ақпан 2024, 12:53
281
Бөлісу:
Салынған объектілерді қабылдауға мемлекет қатыса ма
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл мәселе Мәжілісте Құрылыс кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымында қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин аталған заң жобасында «Жоспарлы инспекциялау» механизмін енгізу және салынған объектілерді қабылдауға мемлекеттің қатысуы жөнінде айтты.

Жоспарлы инспекциялау құрылысқа тапсырыс берушінің өзі жасаған және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламамен бірге берілген кесте бойынша мемлекет тарапынан тексеруді жүзеге асыруды білдіреді, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Инспекциялау жоспары болған кезде Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары инспекторларының шығуы барлық кезең ішінде кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады, бұл ретте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары құрылыс объектісіне шықпай-ақ орындалған жұмыстардың сапасы туралы қорытындыны келісетін болады.

Инспекциялау жоспары болмаған кезде орындалған жұмыстардың сапасы туралы қорытындыны келісу рәсімі құрылыс объектісіне барып және жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын тексеру бойынша барлық қажетті шараларды жүргізе отырып жүзеге асырылатын болады, - деді Қарағойшин.

Оның сөзінше, лицензиаттардың бірыңғай цифрлық тізілімін енгізу барлық берілген рұқсаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне ревизия жүргізуге мүмкіндік береді, бұл нарықты жауапкершіліксіз компаниялардан тазартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрылыс саласында үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына қатысты өзекті мәселелер бар екенін айтып, Құрылыс кодексін жетілдіру бойынша тапсырма берді.

Осы тапсырмаға сәйкес, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Құрылыс кодексі жобасының және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымын өткізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы