Салықтық жеңілдіктердің 40%-ы қаржы және тау-кен өндіру саласына тиесілі – Әшімбаев

18 Қараша 2021, 11:55
933
Бөлісу:
Салықтық жеңілдіктердің 40%-ы қаржы және тау-кен өндіру саласына тиесілі – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында спикер Мәулен Әшімбаев айтты.

Бюджеттің кірістерін көбейту аясында Үкімет ауқымды жұмыс істеп жатыр. Ол жұмыстарды депутаттар қолдайды. Алдағы уақытта салықтық жеңілдіктерді де сараптау қажет. 2020 жылы салықтық жеңілдіктерге байланысты бюджет түсімі 4,8 трлн теңгеден астам сомаға кем болды. Бұл – қомақты сома. Негізгі салықтық жеңілдіктер шағын емес, үлкен кәсіпорындарға беріліп жатқаны белгілі, - деп айтты Сенат төрағасы.

Айтуынша, осы жеңілдіктердің 40%-ы қаржы және тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындарға тиесілі.

Бұл жерде салықтық жеңілдіктерден бас тартайық деген әңгіме жоқ. Бұл халықаралық тәжірибе, оны қолдануымыз керек. Дегенмен осы жеңілдіктер мемлекетімізге не беріп жатыр? Экономикамызға қандай әсерін тигізіп жатыр? Осы мәселелерді сараптау артықтық етпейді. Президент Салық Кодексіне резивия жасау мәселесін көтерген болатын. Осы жұмыстың аясында салықтық жеңілдіктерді жан-жақты зерделейсіздер деп сенеміз, - деп айтты Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы