Салықтық рақымшылық аясында 10 млрд теңгеден астам салық төленді

22 Желтоқсан 2020, 18:49
1934
Бөлісу:
Салықтық рақымшылық аясында 10 млрд теңгеден астам салық төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінде құрылған арнайы комиссиялар негізгі салық сомасын төлеген жеке тұлғаларға 2020 жылдың 27 тамызынан бастап өсімпұлдарды есептен шығаруға кірісті.

Комитеттің баспасөз қызметіні хабарлағандай, 2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 720 419 жеке тұлға 10,2 млрд теңге сомасында салықтың негізгі қарызы төленді. 1,2 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Салықтық рақымшылық процесі басталған кезде 1,5 млн жеке тұлғаның жалпы қарызы 24,6 млрд теңгені, оның ішінде негізгі қарыз сомасы 20,3 млрд теңге, өсімпұл 4,3 млрд теңгені құрады. Комитет жыл соңына дейін салықтар бойынша негізгі қарыз төленген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша рақымшылық қолданылатынын еске салады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, салықтық рақымшылық жүргізу 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Комитет атап өткендей, өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшесінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды.

Салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Өзгелердің жаңалығы